Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тамағыңыз жеңіл және сапалы болсын - АРҚА АЖАРЫ

Тамағыңыз жеңіл және сапалы болсын

Қазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Аурудың көбі ас арқылы келетінін бүгінгі медицина да растайды. Асқазан ауруларының көбеюі, артық салмақ мәселесінің пайда болуы, орташа өмір сүру деңгейінің қысқарып, қартаюдың жеделдеуі – бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдары десек, асыра айтқандық болмас.

  Ертеректе бір кісі данышпан ғұламаға келіп «мынау менің ұлым, соның қандай екендігін және болашағы жайлы айтып беріңізші» деп сұрапты. Сонда данышпан «балаңыздың достарын әкеліңіз, сонда оның қандай адам екендігін айтамын» деген екен дейді. Сол сияқты бүгінде біреудің денсаулық жағдайының қандай дәрежеде екендігін білу үшін оның не ішіп, жейтінін анықтаса, бәрі белгілі болады.
Мәселен, етті, майлы тағамды көп жейтіндердің арасында артық салмақтан азап шегіп, бүгінде белең алып кеткен қан тамыры, жүрек аурулары көп кездесетіні белгілі. Керісінше, вегетериандардың арасында мұндай құбылыс көп кездеспейді. Осыған орай, соңғы жылдарда адамдардың арасында ет тағамдарынан бас тартып, вегетериан болуға ынталылар қатары өсе түсуде.
Қазақтың тағы бір жаман әдеті – жатар орынға тоя тамақ ішу. Ұйықтар алдында тойып тамақтану асқазанды ғана емес, жүйке жүйесінің жұмысын да бүлдіреді. Өйткені, тойып тамақ ішіп ұйықтаған кезде мидың белгілі бір учаскелері үздіксіз жұмыс жасайды. Осыған байланысты қанша ұйықтағанына қарамастан, адам таңертең бойы ауыр тартып, өзін нашар, әлсіз сезінбек.
Шикі тамақ жеушілер

Соңғы жылдарда әлемнің әр түкпірінде шикі ас жейтіндер қатары көбеюде. Олар негізінен көкөніс пен жеміс-жидектен жасалған салат, басқа да тағамдарды жейді. Мұның бір артықшылығы – азықтың бойында барлық витаминдер мен қуат беретін пайдалы заттар түгел сақталады. Сондықтан, осындай отқа бұқтырылмаған, қайнатылмаған тамақ жейтіндер аз тамақтан көп қуат алады және асқазанға онша салмақ түспейтіндіктен, түрлі асқазан ауруларынан аман болады. Оның тағы бір артықшылығы – шикі тағам жейтіндерде артық салмақ болмайды, жастығын ұзақ сақтап, ұзақ өмір сүреді.
Қазақстанда бүгінде шикі тамақты нәр ететіндердің саны – 300-ден асып жығылады екен. «Мир-24» арнасына берген сұхбатында алматылық Әсел Қисықова шикі тағамның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екендігі жайлы әңгімелейді.
Үш жылдан бері осындай тамақтану әдісіне көшкен ол бүгінде көкөніс пен жеміс-жидектен жасалған көптеген тамақ дайындау тәсілдерін меңгерген. Осы кезең ішінде ол ауру дегенді ұмытқан және өзін әрдайым сергек, жеңіл сезінеді.
Денсаулығыңызды ойлап, кәрілікке бой алдырғыңыз келмесе, ішіп-жейтін тамағыңыздың жеңіл және сапалы болу жағына көңіл аударыңыз.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар