Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс қорытындыланып, міндеттер белгіленді - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс қорытындыланып, міндеттер белгіленді

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген облыстық филиалдың кезектен тыс ХХVІІІ партия конференциясында  партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды тұғырнамасы бойынша биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары шығарылып, саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізілді және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға қатысты мәселелер талқыланды.

  Жиынды облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин ашып, конференцияның күн тәртібімен таныстырды. Іс-шараға партияның облыс аумағындағы қалалары мен аудандары филиалдарынан сайланған делегаттар,  саяси кеңес бюросының мүшелері, ішкі істер органдарының өкілдері қатысты. Жиынға аймақтық филиалдардан 57 делегат шақырылып, оның 52-сі шараға қатысты.
Конференция жұмысы басталған соң, мандаттық комиссияның төрайымы А.Бергенованың баяндамасы тыңдалды.   
Бұдан соң, конференцияда «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық, Жасампаздық» атты сайлауалды тұғырнамасы бойынша ағымдағы жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыс жайында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров жан-жақты баяндады. Оның мәлімдеуінше, бағдарламалық жоспар төрт тарапқа бағытталған. Соның ішінде мектептердегі үш ауысымды оқуды болдырмау мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуына, мектептерді жөндеу және жаңа білім ордаларының бой көтеруіне орай жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына тоқталды. Қазақстан мен Қытайдың әріптестігі нәтижесінде іске асырылып жатқан Масальск тау-кен байыту кешенінің құрылысы 2022 жылы аяқталып, жұмысқа кірісуі керек. Қазіргі уақытта технологиялық зерттеу жұмыстары аяқталып, жалға алу мәселелері келісім-шарт жасасу шеңберінде шешілуде.  Экономикалық жаңғырулар бағытында өңірде 18 жоба, сонымен бірге, Астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету үшін 12 жоба іске асырылуда. Ет-сүт өнімдерін өндіру, оны экспорттау мен импорттау жұмыстары белсенді жүргізіліп келе жатқандығына ерекше тоқталды. Мәселен бұл өнімдердің көбі өз елімізбен қатар Ресей және Өзбекстан мемлекеттеріне жіберіледі екен. Сонымен бірге, «Қазақстанда жасалған» деген логотиптер облыстың мыңнан астам кәсіпорындарында қолданылуда. Баяндамашының басты назар аударған бағыттардың бірі – техникалық кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау мәселесі. Бұл орайда, облыста 4 техникалық кәсіптік колледж білім беруде және облысқа аса қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған облыс әкімінің гранты бар екендігіне тоқталды. Ағымдағы жылдың басынан бері тегін техникалық кәсіптік білім беру жобасы енгізіліп жатқанына назар аударылды. Басқарма басшысының баяндамасында Елбасы «Нұр Отан» партиясының он жетінші съезінде алға қойған бес бағыт бойынша өңірде жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Негізгі баяндамадан кейін облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Нұркенов пен «Жас Отан» жастар қанатының бұрынғы төрайымы Жанаргүл Жүнісованың қызмет бабымен басқа жаққа қоныс ауыстыруларына байланысты олардың орнына облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мен «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сұлтан Бекішев саяси кеңес құрамына мүшелікке сайланды.
Саяси кеңес бюросының отырысында ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Баймұқановтың ағымдағы жылдың алты айы бойынша өңірдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды.
Есепте көрсетілгендей, биылғы жылдың жартыжылында өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары 17 пайызға артқаны анықталды. Бұл орайда, әлеуметтік сайттарда кеңінен талқыға түскен Бурабай ауданында қыстыгүні орын алған кәмелетке толмаған балалардың үш адамды өлтіруіне байланысты ісіне қатысты полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етпегендеріне кеңес мүшелері тарапынан сын айтылды. Осы орайда, білім басқармасының тиісті бөлімдері мен оқу орындарының, ішкі істер органдарының кәмелетке толмаған балалармен нақты  жұмыстар жүргізбейтіндігі айтылды.
Бұдан соң, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова осы тұрғыда облыс орталығында қандай жұмыстар атқарылып атқандығы жа-йында баяндады. Сонымен қатар, кеңес отырысында облыс бойынша қоғамдық қабылдаулардың, аудандардағы қоғамдық кеңестердің, бастауыш партия ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстарына қатысты есептер тыңдалып, талқыланды. Кеңес соңында аймақ басшысы аудандардағы партия филиалдарының жұмыс белсенділігін арттыруды тапсырды.

Суретті түсірген Е. ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар