Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балық аулауға кетіп, бес күн бойы адасып жүрген - АРҚА АЖАРЫ

Балық аулауға кетіп, бес күн бойы адасып жүрген

Өткен аптада аудандық ішкі істер бөліміне Жалтыр ауылының тұрғыны Татьяна Пензиевадан күйеуі Евгенийдің жоғалып кеткендігі туралы хабар түседі. Құқық қорғау қызметкерлерінің белсенді жұмысының нәтижесінде өтініш берушінің жолдасы араға бес күн салып отбасымен қайта қауышты.

  Ағымдағы жылдың 17-ші шілдесі күні Евгений балық аулауға барамын деп барлық қажетті заттарын жинап, үйінен шығып кетеді. Қас қарайып, түн болады. Бірақ, балыққа кеткен Евгений сол күні оралмайды. Таң атқанша күйеуін күткен әйел туған-туысқандарына хабарлап, іздеу сала бастайды. Екі күн бойы оны таба алмайды.  
19 шілде күні Татьяна Пензиева аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөлімшесіне хабарласып, жасы жетпіске таяп қалған жолдасының балық аулауға кетіп, оралмағаны жөнінде айтады.
Із-түзсіз жоғалған адамды іздестіруге туған-туыстары, ауылдастары және аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жұмылады. Евгенийдің бет-бейнесі мен түр-сипаты көрсетілген іздеу бағдарлары облыстың барлық аудандарындағы құрылымдар мен Астана қаласының ішкі істер департаментіне жіберіледі. Полиция қызметкерлері сол күні Евгенийді көрген және көруі мүмкін деген адамдардың барлығымен сөйлесіп, ол жайлы сұрастырады.  
Тәулік бойы күшейтілген режимде іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері біршама аумақты қамтып, тексеріп шығады. Такси жүргізушілерінен бастап, темір жол және автостансаның жұмысшылары мен жүргізушілеріне дейін сұралады.
20 шілде күні Евгений Петровичті полиция қызметкерлері айдалада адасып жүрген жерінен тауып алады. Балық аулаудан соң, үйіне қайтпақшы болған қарт түнде келе жатып, қараңғыда басқа бағытқа түсіп, адасып қалады. Бірнеше күн бойы адасып, жолды таба алмаған. Осылайша жұмысты белсенді ұйымдастырып, дер кезінде әрекет еткен полицейлер Евгенийді және оның отбасын қайғылы оқиғадан құтқарып қалды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап, ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған осындай 58 адамның тұратын жерін анықтап, туған-туысқандарына қайтарған. Олардың ішінде 5-еуі кәмелет жасына толмағандар.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар