Жылқыны ұрып өлтіргені үшін жауапқа тартылады

Жылқы төресіне қатыгездік көрсеткен 37 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмақшы. Кездесіп амандық сұрағанда «мал-жан аман ба?» деп алдымен малды ауызға алатын қазақ үшін төрт түліктің орны қашанда ерекше.

  Өкінішке орай, соңғы жылдарда үй жануарларына қатыгездік көрсететін адамдар көбейіп бара жатқаны туралы көп айтылуда.
Макинск қаласының тұрғыны ішкі істер бөліміне келіп, жылқысын баққан адамның жануарды ұрып өлтіргені туралы арызданды. Тексере келгенде жылқышы жүген-құрық тимеген  атты бас білдіру үшін дырау қамшымен аямай сабағаны анықталды.  Жылқышы таяқ батып, әлсіреген атқа мініп, үш шақырымдай шапқан. Жай шауып қоймай, қамшымен жануарды аямай ұрып отырған. Әбден әлсіреген жылқыны содан кейін қоя береді. Болдырған жануар көп ұзамай өледі.
Осы әрекеті үшін әлгі азамат Әкімшілік істер Кодексіне сәйкес екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе алпыс тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Оған қоса, жылқышы мал иесіне келтірілген залалын өтеуі тиіс.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар