Кеш болса да, ұсталғаны жақсы болған екен

Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері пәтер ұрлығын жасаған қылмыскерді бір жылдан кейін ұстады. Қылмысы бұлтартпас айғақтармен мойнына қойылған азамат көп ұзамай, сот шешіміне сәйкес заң шеңберінде жауапқа тартылатын болады.

Бұл оқиға өткен жылғы маусым айында орын алған еді. Атбасар қаласында тұратын әйел көршісінің үйіне ұры түскенін айтып хабарлайды. Үйін қарауды тапсырған көршісі дем алуға қырғыз еліне кеткен екен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері ұрының есікті бұзып кіргенін анықтады. Кейін белгілі болғандай, үйден 300 мың теңге ақша мен 12 мың ресей рублі және  150 мың теңгенің алтын бұйымдары жоғалған. Дегенмен, сол кезде қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмаған еді. Атбасарлық құқық қорғаушылар қылмысты ашу үшін табандылықпен жұмыс істеді. Сол аумақта тұратын адамдар түгел тексерілді. Араға жыл салып үй иесінің жоқтығын және ақшасын үйінде сақтайтынын білген сол аумақта тұратын адам бұлтартпас айғақтармен қолға түсті.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар