Аудан орталығында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған психологиялық орталық ашылды.
Аймақта мүгедек бала тәрбиелеп жатқан отбасылардың саны 50-ге жуық. Түрлі тексеру шаралары мен алдын алу жұмыстары тиісінше жүргізіліп жатқанына, әйелдердің жүктіліктің әр кезеңінде өтетін скрингтеріне қарамастан, балалардың мүгедектікке ұшырап қалу жағдайлары жойылар емес. Балалар мүгедектiгiнiң нозологиялық құрылымында жүйке жүйесi аурулары және психологиялық аурулар басым.
Осындай отбасыларға қолдау-көмек көрсету үшiн мемлекеттiк бюджеттен әртүрлi әлеуметтiк жәрдемақылар төленеді, стационарлық және жартылай стационарлық мекемелерде, үйде күтiм жасау жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетіледі. Алайда, ата-аналардың көпшiлiгi балаларын бiлiктi мамандардың қолына тапсыруға қауiптенедi және үйдегi жағдайда тиiстi бiлiктiлiксiз, дағдысыз өз балаларына өздерi қызмет көрсетедi.
Қазiргi кезде мүгедек балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшiн бiлiктi мамандарға қол жетiмдiк жасау мақсатында онлайн жәрдемдесу қызметi құрылды. Орталықтың негiзгi мақсаты отбасындағы психологиялық ахуалды сақтау, жағымды әлеуметтiк-психологиялық жағдайды құру және мүгедек балаларды тәрбиелейтiн отбасыларға психологиялық жәрдем көрсету болып табылады.
«1411» қысқа нөмiрге телефон шалып, мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан жәрдемақы алушының ЖСН және мүгедек баланың ЖСН-ін айтып, Қазақстан — Ресей медициналық университетi мамандарының online консультациясына жазылуға болады. Психологиялық көмек және консультациялар психиатрия, наркология, жалпы медициналық психология және педагогика, неврология кафедрасының бiлiктi мамандарын тарту арқылы көрсетiледi.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.