Жастарға төленетін жалақы өсті

Жыл басында жастар практикасына қатысушылардың жалақысы 38178 мың теңге болса, қазір ол 56725 теңгені құрап отыр.

  Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының берген мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидияланады.
Айта кету керек, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және жасы 29-дан аспайтын жас мамандар қатыса алады. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, онымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек келісім-шартына отырады.    
Жалпы, бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген жас мамандарды уақытша жұмысқа орналастыруға зор мүмкіндік тудырып отыр. Қазіргі таңда Ақмола облысындағы 345 жас маманға жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар