Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адалдық. Біліктілік. Басты өлшем осы болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Адалдық. Біліктілік. Басты өлшем осы болуы тиіс

«Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру» тақырыбында өткен семинарда мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін мейлінше азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер арасында үнемі жүргізілуі тиіс шаралардың бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллиннің төрағалығымен өткен бұл семинар арнайы дайындалған бейнебаяндарды көрсетумен ұтымды ұйымдастырылды. Әрбір қызмет көрсетулер туралы ақпараттар мен статистикалық мәліметтерден кейін ұсынылып отырған бейнебаяндардың бірінде балабақша тәрбиеленушілерінің «жемқор деген кім,  олар не істейді?» деген сауалдарға берген жауаптары күлкі келтіріп, езу тарттырды. Олардың жауаптарын бүгінгі күнгі кейбір мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері туралы ата-аналарынан, туыс-таныстарынан естіп-білгендері деп түсінуіміз керек шығар.  Осы орайда, қазіргі уақытта бұрынғының ауызбастырығы, яғни, жемқорлық сипатындағы әрекеттердің адам өміріне кері әсер ететіндігі жайында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттігі айтылды.
Семинарға облыстық және аудандық деңгейде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіруді жүзеге асыратын көші-қон полициясы және тіркеу, емтихан бөлімдерінің қызметкерлері,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты.
Бүгінгі күнге дейін жергілікті атқару органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, 9 селолық округ әкімдері жемқорлық деректерімен ұсталған. Өткен жылы осындай жағдаймен 13 дерек тіркеліпті. Сонымен бірге, облыстағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы орынбасарының  айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге алғыс ретінде берілетін сыйлықтарды қабылдауға ты-йым салынған. Өйткені, оның өзі пара алғанмен бірдей.  Республика бойынша сыбайлас жемқорлық ісі жөнінен Астана, Жамбыл және Маңғыстау облыстары алдыңғы қатарда болса, ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысының еншісінде екен. Біздің өңір бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінен Степногорск, Көкшетау қалалары мен Астрахан
ауданы көш басында. Осы жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы жергілікті жерлердің өкілдері орындарынан
жауап берді.
Іс-шара соңында семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметкерлер кәсіби білікті, халқына адал, елін
сүйетін маман болулары қажет деген ой түйіндеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар