Бурабайға дейін даңғыл жол сайрап жатыр

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы республикалық маңызы бар «Щучинск-Бурабай» автокөлік жолын жөндеуге биылғы жылдың сәуір айында тапсырыс берген болатын.

  Негізгі жұмыстар 10 маусымға дейін аяқталыпты. Қазір темір қоршауларды бояу тәрізді жұмыстар атқарылуда. Бұл істі осы айдың соңында аяқтау жоспарланған. Акционерлік қоғамның бөлім басшысы Рүстем Әбіловтың айтуынша, 18 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмысын «Көкшетау Жолдары» серіктестігі атқарып шыққан. Автокөлік жолының екі шақырымы Бурабай кентіндегі Кенесары көшесінің бойымен өтеді. Бұл жұмысқа қомақты қаржы бөлініп, кентішілік жолға асфальт, жаяу жүргіншілер жолына бедер тастар төселіп, темір қоршаулар мен жарық орнатылыпты. Сондай-ақ, демалыс алаңқайлары, автотұрақтар, автобус аялдамалары жөнделіп, арнайы орындықтар қойылған.
–Барлық жұмыс сапалы жүргізіліп, Кенесары көшесінің көркі бұрынғыдан көп өзгерді. Кент тұрғындары мен демалушылардың жүріп тұруына қолайлы болды. Бұл көшенің жолы ширек ғасырдан бері дұрыс жөнделмеп еді. Қазір көше бойы өсіп тұрған гүлдер көздің жауын алады, – дейді кент әкімі Шыңғыс Темірбеков.
Кентішілік жолдың жөнделгеніне жергілікті тұрғындар дән разы. Солардың бірі – зейнеткер Қабеш Шүленбаев өз сөзінде жеңіл автокөлікпен тақтайдай тегіс жолда жүру қолайлы болғанын, биыл турис-тер көп болса да бұрынғыдай көлік кептелісінде тұрмайтынын айтып, жол құрылысын жүргізгендерге алғысын білдірді.

Суретте:  Бурабай кентіне меймандарды осындай сапалы жол алып кіреді.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар