Ерінбеген мал азығын жинап алады

Аудан пішеншілері жеткілікті жемшөп қорын дайындау жұмыстарымен ширақ айналысуда. Күннің ашық сәттерін ұтымды пайдаланып, шөптің бір жылдық қорын жасауға ұмтылған бұландылықтардың қарқыны тәуір.

  Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Салтанат Сағадиеваның айтуына қарағанда, бүгінгі күнге дейін аудан пішеншілері 43,7 мың тонна шөп маялап үлгерген. Бұл ауданның 51,5 мың гектар шөп алқабының 88 пайызы. Маңызды науқанға үлкен дайындықпен
кіріскен «Журавлевка-1», «СХП Новобратск» және «Нанар фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері пішеншілерінің қимылы ширақ.  Алдағы күндер ашық болса, бұландылықтар бірер күнде науқанды толық аяқтамақ.
– Пішеншілер үшін мал азығын дайындаудың шешуші де жауапты кезеңі туды. Ендігі арада басты міндет табиғи және екпе шөпті уақытында шауып, үйіп алу болып отыр. Бұл үшін уақытты тиімді пайдалану керек. Өйткені, мал азығының қажетті қорын жасап алуға толық мүмкіндік бар. Биыл біздің серіктестік 3,9 мың тонна шөп дайындауды межелеп отыр. Бұл мөлшер шаруашылықтың малын қыстатуға жене село тұрғындарына бөліп беруге әбден жеткілікті, – дейді «Журавлевка-1» серіктестігінің басшысы Қуантай Сұлтанов.
Биылғы шөптің шығымы тым жақсы болмаса да ерінбеген шаруаның шабындығындағы шалғы сырылы толастамай, науқан ойдағыдай аяқталатынына сенім мол.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар