Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ежелгі Жібек жолымен - АРҚА АЖАРЫ

Ежелгі Жібек жолымен

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақмола облысының жерімен де өткен Ресей–Қазақстан–Қытай бағытындағы «Жібек жолы-2017» халықаралық жарысы аяқталып, ралли-марафонына қатысушылар салтанатты түрде мәре сызығын қиып өтті. Бәсекеге қатысушылар 9599 шақырым қашықтықты еңсерді.

 

Салтанатты шарада Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының лауазымды тұлғалары сөз сөйлеп, жарысты ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.
Екі аптаға созылған қызу додада әртүрлі модификациялы, HILLIX, IVECO, TATRA, МАЗ маркалы жеңіл және жүк көліктері жарысты. Бірден айта кетсек абзал, Аstana Motorsports командасының намысын қорғайтын Артур Ардавичус «Ивеко» автомобилімен ралли-марафонды жүк көліктері есебінде төртінші болып аяқтады. Оның алдын «Камаз-Мастер» өкілдері орап кетті. – Биылғы жарыс өте тартысты өтті. Жүлдегерлер қатарынан көріну оңай болмады. Себебі, қарсыластарымыз кіл мықтылар. Алдымызды ораған КамАЗ жүк көлігі екендігін ескерсек нәтижеміз жаман емес деп есептеймін. Жарыста өз күш-жігерімізді аямай барынша жеңіс тұғырынан көрінуге тырыстық,–дейді Артурдың өзі. Жалпы, жарыс жолына 21 жүк көлігі шыққан. Алайда, мәре сызығына 16 экипаж ғана жете алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: додалы жарысқа қатысқан астаналық команда мүшелері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар