Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауға кіре беріс жол кеңейтіледі - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауға кіре беріс жол кеңейтіледі

Өңірде республикалық маңызы бар бірқатар автокөлік жолдары қалпына келтірілуде.

Облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бас маманы Әділет Әнуарбековтың айтуынша, биылғы жылы автокөлік жолдарын жөндеуге 11 миллиардтан астам қаржы қарастырылған. Республикалық маңызы бар Көкшетау-Атбасар автокөлік жолының 38 шақырымын орташа жөндеуден өткізу үшін 600 миллион теңге бөлінген. Орташа жөндеу жұмысын «Көкшетау жолдары» серіктестігі атқаруда. Бүгінгі таңда Зеренді селосынан Көкшетау қаласына дейінгі 34 шақырым жолға асфальт төселіпті. Бұл жұмыс жақын арада аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, биыл республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автокөлік жолының Көкшетау қаласына кіре берістегі 4 шақырым 570 метр жол құрылысына 500 миллион теңге бөлінген. Биылғы жылы жолдың құрылыс материалдары тасымалданып, негізі салынбақшы. «Көкшетау жолдары» серіктестігінің учас-ке шебері Дмитрий Литвинов өз сөзінде жол құрылысына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандарын атап өтті.
– Қазір автокөлік жолының негізі қазылып, қиыршық тас тасымалдануда. Жалпы 40 мың текше метр қиыршық тас қажет. Бұл жолды екі жылдың ішінде саламыз. Жер қазылған соң алпыс сантиметр қиыршық тас төсейміз. Оның үстін су өткізбейтін материалмен жабамыз да, тағы алпыс сантиметр қиыршық тастың өзге түрін төсейміз. Оның үстіне бетон құйылып, қара қиыршық тас, кейін асфальт төселеді. Бұл учаскеде жұмыс қызған кезде елу шақты адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда автогрейдер машинистері Нұрбол Сәдуақасов пен Александр Марсеков, жүргізуші Виктор Савельев өз нормаларын асыра орындап жүр,–дейді ол.
Сондай-ақ, Щучинск-Зеренді бағытындағы автокөлік жолын қалпына келтіру жұмысы тамыз айында басталмақшы. Үш учаскеге бөлінген бұл жұмысты «Қазақдорстрой» серіктестігі атқаруда.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар