Жаңа өрт сөндіру бекеті

Қараөзек ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.

Орманы қалың бұл аумақтағы ең жақын өрт сөндіретін бекет алпыс шақырым жерде орналасқандықтан, өрт шыға қалған жағдайда оны жедел сөндіру қиын болатын. Енді бұл мәселе өзінің оң шешімін тауып отыр.
Ауылдан ашылған өрт сөндіру бекетінің тұсаукесерін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Алексей Советовтың өзі келіп өткізді. Екі мыңнан астам адам тұратын, жеті жүз ауласы бар бірнеше елді мекенге қызмет көрсететін бекетте төрт өрт сөндіруші еңбек етеді. АЦ-133 өрт сөндіргіш машинасы мен су шашатын бөшкесі бар  МТЗ-82 тракторы, басқа да құралдармен жарақталған өрт сөндіру бекеті табиғат апатының жолын кесуге әзір.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар