Шөп шабуға тұрғындар да тартылуда

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жұмабек Әбуовтың айтуынша, биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты шөптің шығымы ала-құла.

 

Облыс бойынша 1118,4 мың тонна, яғни, бір жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 674,3 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды. Бұл – қолда бар мал үшін қажетті бір  жылдық жемшөп қорының 60,3 пайызы. Әзірге жоспарланған жемшөп қорының 71-81 пайызын дайындап үлгерген Атбасар, Бұланды және Жақсы аудандарының пішеншілері көш басында келеді.
– Соңғы жауыннан соң 140 мың гектар алқапқа егілген біржылдық шөп біршама өсті. Осы біржылдық шөпті жинап алу арқылы жоспарды орындаймыз. Биыл мал азығын дайындау қиынға соғатындықтан, бұл жұмысқа жергілікті тұрғындарды көптеп тартудамыз. Мәселе мал бағатын ірі серіктестіктерде туындау-да. Соңғы үш жылда мал азығын да-йындау мәселесі туындаған жоқ. Кейбір шаруашылықтардың өткен жылдан қалған шөп қоры бар. Малдың 80 пайызы тұрғындардың қолында. Осы орайда, елді мекендердегі жеке шаруашылық иелерін шөп шабуға тартудамыз. Жоспарды орындап, мал қыстатуды қамтамасыз етеміз,– дейді Жұмабек Әбуов.
Биылғы жылы есілдіктер 36 мың тонна шөп дайындауды жоспарлаған. Әзірше, 22,5 мың тонна шөп маяларға салынды. Мал азығының біржылдық қорын да-йындауда «Заречный», «Қаракөл АШК» және «Новоприречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері пішеншілерінің қимылдары ширақ. Бүгінгі күні «Заречный» серіктестігінің пішеншілері 1100 тонна шөпті маяларға салды. Бұл жұмысқа Аманжол Аймағамбековтың бригадасы тартылған. Бригаданың пішеншілері Николай Коренков, Андрей Сычев, Александр Мажура, Александр Сидоренко әрбір ашық күнді тиімді пайдалануға ұмтылуда.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар