Бәрі бір шырпыдан шығады

Жанымызды нұр шуаққа бөлеп жаз айы да келіп жетті. Таза ауаға шығып, орманда сейілдеп жүрген адамдар табиғатқа жанашырлық танытуы қажет.

Қурап тұрған өлі қау орманға аса қауіпті. Абайсызда жерге лақтырған жалғыз шырпы үлкен шығынға батыруы мүмкін. Табиғатты аялай білсең, оның ұрпаққа берері мол. Ұқыптап, баптап өсірген балапан ағаштар ертең-ақ жайқалған орманға айналары хақ. «Өрт – тілсіз жау» жолындағысының бәрін жалмайды. Сондықтан, әр адам өзінің іс-әрекетіне бақылау жасап, қарапайым қағидаларды берік ұстануы керек. Барлық адамдарды ұқыптылыққа шақырсақ, өмірде ұтарымыз көп болады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне көптеген туристер келуде. Олар табиғатымызға қарап тамсанатынына кәміл сенемін. Орман – ел байлығы. Жасыл желекке оранған ормандарымыз жайқала беруі үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын.
Мейрамбек КӘМӘЛИЕВ,
«Бұқпа» орман шаруашылығына қарасты  «Қыпшақ» орманшылығының орман шебері.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар