Криминалист

Полиция майоры деген шені бар аға криминалист Жанна Адам он бес жылдан бері осы салада жемісті қызмет атқарып келеді. Қылмыскерді ұстап, жазаға тарту үшін ең алдымен сол қылмысты жасаған кім екенін анықтап, нақты дәлелдермен мойнына қою қажет. Криминалистің міндеті осындай ауыр да жауапты.

 

Қылмыс болған жерге алдымен барып, қылмыскердің қолтаңбасын, аяқ киімінің ізін, басқа да қалдырған айғақтарды жинап, сол айғақтарды «сөйлетіп», қылмыскердің кім екенін анықтау күрделі ғана емес, қиын шаруа.
Жұмыста пагон таққан полиция қызметкері болғанымен ол үйінде адал жар, сүйікті ана. Қос ұлы жарысып өсіп келеді. Студент кезінде көркем гимнастикамен айналысып, республика құрамасында өнер көрсеткен және жақсы нәтижелерге де жеткен. Гимнастикадан спорт шебері деген атағы бар.
Нәзік жанды әйелдерге онша қолайлы мамандық саналмайтын ауыр да жауапты криминалист мамандығын игерген Жанна Серікбайқызы үшін жаны қалаған іспен айналысып, қоғамға пайдасын тигізу, өмірдегі ең басты мақсат болып саналады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар