Алғашқы жарна аударылды

Бұл жөнінде әлеуметтік «Медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ облыстық филиалының жетекшісі Нұрлан Ақылбеков мәлімдеді деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылғы жылдың шілде айынан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің айлық жалақысының бір пайызы мөлшерінде жарна  аудара бастады.
– Бүгінгі күнге дейін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің дерегіне сай, облыс тұрғындары міндетті медициналық сақтандыруға жалпы ауқымы 32 миллион теңге көлемінде қаржы аударған. Бұл ақша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есеп-шотында тұр, – деп атап өтті Нұрлан Ақылбеков.
Оның айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде сақтандыру қорына аударылған жарна рейтингі жүргізілуде. Еліміз бойынша қазіргі күні қорға барлығы 800 миллион теңгедей аударылған. Медициналық сақтандыру толыққанды жұмыс істеуі үшін 44 миллиард теңге ақша қажет екен.
Келесі жылдың қаңтарынан бастап өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған азаматтар ең төменгі жалақы көлемінің бес пайызы деңгейінде айлық жарна төлей бастамақ. Ол кезде жарна көлемі айтарлықтай өсе түсетіні анық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар