Ізгілік жүгін артқан көш

Өткен сенбі күні облыстың іскер әйелдер қауымдастығы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен және облыстық «Қазақстан-Көкшетау» теле-радио кешенімен бірлесіп қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Облыстың бес ауданы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. 

Құрылғандарына жиырма екі жыл толып отырған қауымдастық мерейлі мерекелеріне орай, облыстың бес ауданына іскер әйелдер басқарған жүк тиелген жеті көлікпен шығып, аймақтардағы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешектерді сыйлық ретінде үлестірді. Қауымдастық төрайымы Дәмелі Қойшина бастаған көшбасшы әйелдер көші Бурабай ауданына келді. Аудан әкімі Қанат Қарауылов қарсы алып, олардың қолға алған игі істері мен қоғамға қосып жатқан үлестеріне зор алғысын білдірді. Көшбасшы әйелдер көшіне ауданның Бағила Хасенова, Гауһар Хамзина секілді кәсіпкерлері қосылып, екі жүк тиелген көлікпен көштің соңынан ілесті. Басқа аудандарға бірге барып, олар да өздерінің материалдық көмектерін жоғарыда аталғандай қоғамның осал топтарына тарту етті.
Қауымдастық мүшелері Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарын аралап, онда гуманитарлық көмекті қажет ететін отбасыларға заттарын үлестірген соң, олар Целиноград ауданының Қабанбай ауылында керуенді тоқтатты. Қабанбайлықтар да керуенді жылы шыраймен қарсы алып, игі тілектерін білдірді.  
– Аудандар керуен көшін жақсы қарсы алды. Қоғамның осал топтарына көмек қолын созып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, денсаулықтарында ақаулары бар балаларға, отбасында зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдерге қашанда көмек көрсетуге әзір қауымдастық облыс-
та табысты қызмет етіп келе жатқан ұйым. Әйелдер қауымы қашанда отбасы, баланың жарқын болашағы үшін ең көп алаңдайтын, солардың амандығы мен есендігіне тілекші жандар. Сондықтан да, олардың осындай игі бастамаларын қолдауға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы әрдайым әзір, – дейді Қазақтан халқы Ақмола ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар