«Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК ұйымдастыруымен «Тұрақты түрде сақталатын құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу және мемлекеттік сақтауға тапсыру» тақырыбында семинар өтті.
Құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету және құзырлы органдардың мұрағаттарға құжаттарды сақтауға уақытында тапсырып отыруының маңызы зор. Еліміздің тарихи-мәдени жәдігерлерінің маңызды бөлігі ретінде құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету осы сала қызметкерлері үшін міндет болып табылады.
Құжаттарды дұрыс сақтауда уақытында ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізіп отыру үлкен рөл атқарады. Семинар барысында осы саланың білікті мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Семинарға қатысушылар құжат сақтауды қамтамасыз етуге қатысты өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, толымды жауап алды.
Маржан ТӨЛЕУБАЕВА,
облыстық мемлекеттік мұрағаттың маманы.