Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы М.Сабыров облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қызметтік әдеп ережелерін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің жұмысына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және осы ведомствоға қарайтын ұйымдардың мемлекеттік және азаматтық қызметшілері қатысты. Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қолданысы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жиналғандарға қоғам назарына ілінген сыбайлас жемқорлық тәрізді құқық бұзушылықтар жөнінде бейнероликтер көрсетілді. Агенттіктің бас маманы кеңеске қатысушылар қойған сауалдарға тұшымды жауап берді. Семинар соңында сауалнама жүргізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» парақшалары таратылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.