Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық пойызына тұрғындар дән риза - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық пойызына тұрғындар дән риза

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ерейментау қаласына келіп, дәрігер мамандар екі күн бойы аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.

«Саламатты Қазақстан» пойызының басшысы, тіс дәрігері Маржан Мүкпенованың айтуына қарағанда, бригада құрамында 25 жоғары және бірінші санатты дәрігерлер бар.
– Дәрігерге қаралуға ниет білдірген, тіпті, көмекке зәру қала мен ауыл тұрғындарының бәріне медициналық қызмет көрсетіліп, денсаулықтарын тексертуге мүмкіндік алды, – дейді Маржан Мүкпенова.
Медицина пойызына сегіз вагон тіркеліпті. Көпсалалы кеңесшілік-диагностикалық көмек көрсетуге және медицина қызметкерлері сапар барысында қызмет көрсетуге мүмкіндік тудырылған. Дәрігерлер тегін қызмет көрсетті. Пойызда гинеколог, терапевт, невропатолог, кардио-лог, оташы, офтальмолог, педиатр, тіс дәрігері, рентгенолог және өзге сала өкілдері жұмыс істеді. Дәрігердің қабылдауына қоса жол бойы бірқатар диагностикалық шаралар атқарылды. Мамандарға жүгінген науқастардың  іш құрылысы ультрасәуле әдісімен зерттелді, рентгенологиялық тексеріс, клиникалық-биохимиялық сараптама жүргізілді.
Пойызда науқастарға ғана емес, медицина мамандарына да қажетті жағдайдың бәрі ойластырылған. Ғаламтор, душ кабинасы, телефон байланысы, дизельді генератор бәрі бар. Дәмханада төрт мезгіл ас беріледі. Одан әрі «Саламатты Қазақстан» по-йызы аудандағы стансаларды бағытқа алып, сапарын жалғастырды. Ел ішінде дәрігер көмегіне жүгінетіндер де аз емес. Мәселен, бір ғана Торғай стансасында 96 адам, оның ішінде 5 бала жоғары білікті мамандарға қаралды.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар