Жапон павильонына келушілер саны 500 мың адамнан асты

Көрменің алғашқы күндерінде келушілердің орта саны шамамен 6000-ға жуықтаса,  тамыз айы басталғалы 8000-ға жетті.

Әртүрлі елдердің саяси және бизнес әлемінің саңлақтары, Қазақстан тұрғындарымен бірге әлемнің түпкір-түкпірінен де көптеген қонақтар келіп жатыр.
Жапон павильонының 500 000-шы келушісі Қостанай облысы, Рудный қаласынан келген Нұрым Аманғараев және оның отбасы болды. Ол павильонды аралап көргеннен кейін, өз әсерімен бөлісті: «ЭКСПО көрмесін көру үшін түнгі пойызбен келдік. Осындай ерекше сәтте келгенімізге өте қуаныштымыз. Жапон павильоны жайында айтатын болсам, ойлағанымыздай Жапония шынымен жоғары технологияларға бай ел екеніне көзіміз жетті».
Жапон павильонының директоры Щибамото Хидэкадзу өз пікірімен бөлісті: «Жапонияның танымал жоғары технологиялары туралы ғана емес, олардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы және табиғаты мен мәдениеті жайында барынша көптеген адамдар білсе екен деген ойдамыз».
Жапон павильонында «Smart Mix with Technology» тақырыбы негізге алына отырып, Жапония технологиялық күшімен бүкіләлемдік проблемаларды шешу үшін өз үлесін қоспақшы. Сонымен қатар, 2025 жылғы Халықаралық көрме өткізілу орнына үміткер Осака қаласы жан-жақты таныстырылып жатыр.
Кең экранды мониторда көрсетілетін бейне мен смартфон қосымшасымен байланысқан интерактивті қойылым мен көрсетілімі, өзге ел павильондары өз көрмелерінің мазмұнын орыс тілінде таныстырып жатқанда қазақ тілінде көрмелерін таныстырған Жапон павильоны көптеген келушілердің жоғары бағасына ие болып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар