Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

 Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі Ата Заңымыз 1995 жылы барша қазақстандықтардың  дауыс беруі арқылы өткізілген референдум негізінде қабылданып,  жас  мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік, құқықтық  және экономикалық принциптерін орнықтыруға және тәуелсіздігімізді бекітуге қызмет етіп келеді. Еліміздің негізгі заңы ішкі және сыртқы саясаттағы басым бағыттарды айқындап, ұлттық құндылықтарымыздың бағдары  Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық парыз, толеранттылық пен татулық деп белгілеп берді.
Қазіргі күнгі еліміздің қол жеткен айтулы жетістіктерінің бәрі Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен, барша халықтың қолдап, табандылықпен жүзеге асыруымен болған Конституциядан бастау алғандығы белгілі. Конституция Қазақстанды мекен етіп, өз тағдырларын осы елмен байланыстырған  барлық ұлттар мен ұлыстарды біріктірді және ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманы болған бостандық пен өз тағдырын өзі шешу құқығын, ел тәуелсіздігін, биліктің халыққа қызмет етуін нақты жүзеге асырды.  Сөйтіп, еліміз әлемнің бәсекелестікке қабілетті озық елу мемлекетінің қатарына енді және «Қазақстан -2050» Стратегиясы алға қойған дамыған отыз елдің санатына қосылу міндетін орындау жолында дамудың биіктеріне бағдар ұстауда.
Еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік пен табыс әкеліп, Отанымыз  – Қазақстан Республикасын гүлдендіру жолындағы еңбектеріңіз жемісті бола берсін! Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, еңбекте табыс және бейбітшілік пен игілік тілеймін!
Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Бұл күн қазақстандықтар үшін ерекше. Барша қазақстандықтардың қатысуымен референдум арқылы қабылданған Ата Заң демократиялық принциптерді орнықтырып, қоғамның дамуына жол ашты және барлық ұлттар мен ұлыстардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, біртұтас Қазақстан мемлекетін құруға жағдай жасады. Бүгінде Қазақстан ұлтаралық татулығы мен бірлігі арқылы барша әлемге танылып отыр. Біз туралы халықаралық деңгейде әңгіме етіп, еліміздегі ұйыған бірлік пен татулықты үлгі тұтады. Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі еліміздің әлем алдындағы абырой-беделін одан әрі көтере түсуде.
Біздердің бірлесе атқарған жұмысымыз, бірлігіміз бен татулығымыз еліміздің одан әрі даму биіктеріне көтерілуіне және  болашаққа нық сеніммен қарауымызға игі ықпалын тигізуде. Баршаңызға денсаулық пен бақыт, ашық аспан, әрбір отбасына береке-бірлік тілеймін!

Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар