Қазақстан мен ОПЕК

2016 жылы ОПЕК осы ұйымға мүше емес 11 мемлекетпен қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне қадам басты. Ол елдердің қатарында Қазақстан да бар. 

Бұл өз кезегінде тарихи Ынтымақтастық жөніндегі декларацияның қабылдауына негіз болды. Қатысушы мемлекеттер алғашқы 6 ай мерзімінде өндіріске ерікті түрде түзетулер енгізуге міндеттелді. Аталған түзетулер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 9 айға ұзартылды. Түзетулердің мақсаты – әлемдік экономика, өнеркәсіп және өндірушілер мен тұтынушылар мүдделеріне мұнай нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында, мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Арнайы күні барысында, ақпарат қызметінің басшысы Хамид Хасан мәлімдеді. Ол өз сөзінде, қазіргі кезде ОПЕК ұйымы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін атап өтті.
ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы заман ағымындағы басты мәселенің талқылануына негіз болды. Дүниежүзілік қауымдастықтар  энергетика саласындағы жаһандық мәселелерді шешу жолында жұмылып жұмыс істеуі тиіс. ОПЕК өсім мен өркендеудің негізіне айналған тұрақты дамуға үлкен мән бөледі. Атап айтқанда, экологиялық саясат тұрғысында ОПЕК өзара байланысты екі мәселені – жөнелтілім қауіпсіздігін және әділет қағидаларын жіті бақылауына алған.  Қазіргі таңда Қазақстанмен тарихи ынтымақтастықтың жемісін көрудеміз, себебі, мұнай нарығы тепе-теңдікті сақтауда. Қазақстан ОПЕК-тің маңызды серіктесі. Болашақта ынтымақтастығымыздың нығаюын асыға күтеміз, – деп қорытындылады Хамид Хасан.
Өз кезегінде ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев ЭКСПО-2017 көрмесі энергия сақтау саласында озық әлемдік технологиялар, баламалы энергия көздерін пайдалануда соңғы әзірлемелер мен технологияларды тартуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар, Абу-Дабиде мұнай өндірісінің көлемін қысқарту жөніндегі техникалық конференция туралы баяндады.
ОПЕК елдері жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін үлкен жұмыс атқаруда. Ұйымның ең ірі мүшелерінің бірі – Сауд Арабиясы әлем бойынша электр энергиясын алу үшін мұнай өндіруден бірінші орынды алады. Сауд Арабиясының күн электр станциялары жергілікті элемент базасын пайдалану арқылы құрылады. Сонымен қатар, БАӘ 2050 жылға дейін баламалы энергияны дамытуға 163 миллиард доллар қаржы салуды жоспарлауда. Бұл БАӘ-ге күн электр станцияларынан жартылай тұтынатын энергияны алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мемлекет энергияның 90 пайыздан астам бөлігін табиғи газды жағу арқылы алады.
Алжир жалпы қуаты 4 ГВт-дан астам болатын үлкен күн электр станциясын құруда. Сауд Арабиясындағыдай елде күн энергетикасын дамытудың өнеркәсіптік негізі құрылады.
Атап өтейік, ОПЕК – мұнай өндіру үлестемесін бақылау мақсатында мұнай өндіруші елдер құрған халықаралық үкіметаралық ұйым. ОПЕК құрамына Алжир, Ангола, Венесуэла, Габон, Иран, Ирак, Кувейт, Катар, Ливия, БАӘ, Нигерия, Сауд Арабиясы, Экваторлық Гвинея және Эквадор кіреді. ОПЕК елдерінің мұнай қоры қазіргі уақытта 1 199,71 миллиард баррельді құрайды. Ұйым мүшелері әлемдік мұнай қорының 2/3-ін бақылайды. Олардың үлесі әлемдік мұнай өндірісінің 35 пайыз немесе әлемдік мұнай экспортының жартысын құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар