Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парламенттің 3-інші сессиясы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Парламенттің 3-інші сессиясы ашылды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуына қатысты.
Парламент палаталары мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті депутаттардың өткен сессиядағы қызмет нәтижелеріне тоқталып, еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
–  Өткен сессияда Парламент 84 заң жобасын қарастырып, қабылдады. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да бар. Бір жылда сіздердің бастамаларыңызбен 15 заң жобасы әзірленді, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген саяси реформалардың нәтижелеріне назар аударып, бүкіл мемлекеттік аппарат алдына қойылған міндеттерді іске асыруда Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігі жоғары екенін айтты.
– Қазақстан бүгінде стратегиялық маңызы бар бірқатар міндетті іске асыруда. Парламент Үкіметпен бірлесіп, Ұлт жоспарын, Жолдауды және қолданыстағы бағдарламаларды орындау үшін барлық шараларды қабылдауы қажет, – деді Мемлекет басшысы. – Биыл Парламенттің қарауына жаңа Салық кодексінің жобасы енгізіледі. Біз салық саясатын мейлінше жақсартып, бизнесті ашық жұмыс жасауға ынталандыруға тиіспіз. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша заңнаманы жетілдіру керек. Сондай-ақ, банктерге тиімді бақылау жүргізу үшін Ұлттық банкке заңнамалық тұрғыдан көбірек мүмкіндік беру қажет.
Сонымен бірге, Елбасы сақтандыру жүйесін дамыту және дәрі-дәрмек айналымын тәртіпке келтіру, сондай-ақ, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар