Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ашық күннің астығы ысырап болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Ашық күннің астығы ысырап болмайды

Ауа райының қолайлы сәтін ұтымды пайдаланып қалуға тырысқан аудан диқандары егін орағын екпінді  жүргізуде. Қазір қас-қағым сәт қымбат. Диқандар осыған қолда бар барлық мүмкіндікті жұмылдыруда. 

Өткен жылы жаздың ересен жаңбырлы болуы салдарынан дәннің сапасы көңіл қуантарлықтай болмағаны аршалылықтарға белгілі. Биыл керісінше, сапасы жақсы. Егін жинау науқанының ерте басталуы да содан. Барлық шаруа қожалықтары тамыз айының жиырмасынан астық жинау науқанына білек сыбана кірісіп кетті. Солардың арасында маңызды науқанда алғашқылардың бірі болып, егінге шалғы салған «Арай» шаруа қожалығының қарқыны күшті. 20 жылдық тәжірибесі бар шаруашылық жыл сайын мол астық жинауды дәстүрге айналдырған. Шаруа қожалығы биыл 3,1 мың гектар аумаққа егін егіп, орташа есеппен әр гектардан 12 центнерден өнім алуда.
– Аудан орталығында өзіміздің қырманымыз бар. Осынау мол өнім алдымен қырманға жіберіліп, кейін астық сақтау орындарына жөнелтілуде. Науқанға 20-ға жуық адам жұмылдырылған. Барлығы өз ісінің шеберлері. Егін басында «Есіл», «Вектор» және «Енисей» маркалы төрт комбайн жұмыс істейді. Олардың барлығы жаңадан сатып алынған,–дейді «Арай» шаруа қожалығының басшысы Берік Оспанов.
Бүгінге дейін шаруашылықтың егіс алқабының 50 пайызы жиналған. Бұл жайында бізге серіктестіктің бригадирі және бас агрономы Өрік Оспанов хабардар етті. Ол бізді өзімен бірге ертіп, қызу науқан жүріп жатқан егін алқабын аралатып, диқандардың дала төсіндегі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сағым ойнаған сары даланы шаңдатып, қаз-қатар тізілген комбайндар қарбаласқа толы күзгі даланың көркін кіргізуде. Ұясына жем тасыған қарлығаштай тіркемелерін астыққа толтырып, егін алқабынан асыққан жүргізушілер мен комбайншылардың қимылдары жаныңа шуақ ұялатады.

Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
    
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар