Мектепке жақсы сыйлық

Аудан әкімі Асқар Қиықов Степняк қаласындағы Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде өткен алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, жаңа автобустың кілтін табыс етті. 

Шара барысында аудан әкімі оқушылар мен мұғалімдер ұжымын және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мыңдаған шәкірт түлеп ұшқан мектеп аудандағы іргелі білім ордаларының бірінен саналады. Соңғы жылдары білім сапасы бо-йынша толымды көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Мектеп оқушылары облыстық, аудандық сайыстарда жүлделі орындардан көрінуде. Осы орайда, аудан әкімі ұйымшыл ұжымға жаңа оқу жылында жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдіре келе, мектеп директоры Гүлжиян Әбуованың қолына су жаңа «ПАЗ-32053-70» маркалы автобустың кілтін тапсырды.
Автобусты сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 13 миллион теңге қаржы бөлінген.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар