Есептері тыңдалды

Облыстық мәслихаттың депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракциясының мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің және бірқатар аудан әкімдері мен облыстық басқармалардың басшыларының жұмыстары жөніндегі есептерін тыңдады.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақ басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен өңірдің болашақ даму бағдары туралы баяндады. Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының жетекшісі Әсен Жақсылықовтың, облыстағы орманды қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Лашынтай Дүйсеновтың, Бұланды ауданының әкімі Қуандық Испергеновтың, Жарқайың ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаевтың, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Валерий Симчуктің  есептері тыңдалып, талқыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар