Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақытым – үй ішім - АРҚА АЖАРЫ

Бақытым – үй ішім

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде атап өтілді. Бұл орынды да. Өйткені, біздің бар бақытымыз, байлығымыз  үй ішіміз, балаларымыз бен туған-туысқандарымыз болып табылады. 

Бұл мерекенің астарында отбасы құндылықтарын насихаттау, үлгілі жанұялардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасынан көпшілік үлгі алсын деген ниет жатқандықтан, мен де осы мақалам арқылы енем, жан жарым, балаларым жайында бір ауыз пікірімді білдіргім келді. Қуанышта да, қиын күндерде де бізге демеу болатын тірегіміз, әрине – отбасымыз. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» десе, мен осы мақалдың ішіне отбасын да кіргізер едім. Өмірде қандай да бір жетістікке жету былай тұрсын, адам болып қалыптасу отбасынсыз мүмкін емес. Сол себепті, әрқайсымыз бүгінгі барымыз үшін, ата-анамыздың, балапандарымыздың саулығы үшін Жаратқан иемізге шүкіршілік етуіміз қажет деп ойлаймын.
 Өзім үш баланың анасымын. Жолдасым, анам – бәріміз бірге тұрамыз. Осы әулетке келін болып түскеннен бастап жолдасымның анасын туған анамдай қабылдап кеткен едім, міне содан бері ол кісіні  өзімнің туған анашымдай сыйлап, құрметтеп келемін. Оның да маған деген ыстық пейілі әлі суыған жоқ. Қарым-қатынасымыз лайым осылай болады деп тілеймін. Құрбыларымнан, теледидардан да ене мен келін арасындағы кикілжің туралы жиі естимін. Біреулер келіндерін жақтырмаса, енді біреулері енелерін сырттай ғайбаттап жатады. Әрқайсысының өзіндік себептері бар. Осындай тұрмыстық түсініспеушіліктердің кесірінен ажырасып, бала-шағасын тастап кетіп жатқандар қаншама. Сондайларды естігенде «отбасын, балаларын тастап қайда барады, сондай жандар өзге жерден бақыт табады ма?» деп іштей қынжыламын. Себебі, адам өз отбасынан жырақта бақытты болуы мүмкін емес. Ата-анасының ажырасқанына  куә болып,  бесіктен белі шықпай жатып жандары жараланатын балаларға жаным ашиды. Үлкендердің қателігінен ең көп азап шегетін де солар.
Өз басым ауылдық бала бақшада тәрбиеші болып еңбек еткендіктен, бүлдіршіндердің психологиясын, жан дүниесін жақсы түсінемін. Ата-аналары жадырап, жүздерінен күлкі төгіліп жүрсе, балалары да еш алаңсыз жүретіні рас. Ал, «Бір күн ұрыс шыққан үйден қырық күн береке қашады» демекші, отбасында қандай да бір дау-дамай болса, бала да соны уайымдаумен жүреді. Сондықтан, бірдеме жасамас бұрын, әуелі ұл-қыздарымыздың жағдайы не болатынын ойланайық.
Дана халқымыз «Қарты бар үйдің құты бар» деп текке айтпаған ғой. Кейде үйімізде ыдыс-аяқ сылдырлап, жолдасым екеуіміз бір-бірімізбен сөзге келіп қалсақ, анамыз басу айтып, сабырға шақырып отырады. Әркез жақсылығымды асырып, жамандығымды жасыратын анамның барына қуанамын. Барлық балаларымды бағып-қаққан сол кісі. Үшіншімді босанғаннан кейін бір айдан соң жұмысқа шығамын дегенімде де, менің меселімді қайтармай, пікірімді қолдап, қазір немересіне өзі қарайласып отыр. Кей кездері жұмыстарым көбейіп кетіп, үйге кештеу келіп жатсам да, бір рет те қабақ шытқан емес. Білмейтін жандар «Қайда жұмыс істейсіз?» деп сұрап қалса, анам: – «КНБ»-да қызмет істеймін, –  деп әзілдеп қояды. «КНБ» дегені – кішкентай немере бағу.
Иә, менің бар байлығым – отбасым деп сан рет қайталауға дайынмын. Әрбіреуіңіздің үйіңізде ырыс-ынтымақ, тыныштық орнасын деп тілеймін.   

Жанерке РАМАЗАНҚЫЗЫ.

Талапкер ауылы,
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар