Жарыс ұйымдастырып, алғысқа кенелді

Ақмола облыстық соты салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен құқық қорғау органдарының арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Жарысқа облыстық соттан басқа облыстық прокуратура, ІІД, ҰҚКД, ҚАЖД, мемлекеттік  кірістер департаменті, ТЖД, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің командалары қатысып, өнерлерін көрсетті.
Аса тартысты өткен жарыста жүлделі бірінші орынды төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленсе, екінші орынды облыстық ішкі істер департаментінің футболшылары жеңіп алды. Үшінші орынды облыс прокуратурасы спортшылары қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, жекелеген ойыншылар келесі номинацияларды жеңіп алды, атап айтқанда:  көрермендер көзайымы номинациясын облыс прокуроры Т.Тәшімбаев иеленсе, ең үздік ойыншы атағын төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері С.Тайкенов, ең үздік қақпашы атағын ішкі істер департаментінің қызметкері Р.Мурзин, ал, ең үздік қорғаушы атағын мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері С.Ящук еншіледі.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында жарысқа қатысушылар және көрермендер жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ақмола облыстық сотының басшылығының атына алғыстарын білдірді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар