Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» Ақмола облысы қауымдастығының форумына қатысушылардың үндеуі - АРҚА АЖАРЫ

«Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» Ақмола облысы қауымдастығының форумына қатысушылардың үндеуі

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт құру, қоғамдық сананы өзгерту жөніндегі өзінің пікірлерімен бөлісті және елімізді дамытудың сапалы жаңа сатысына әкеліп, халқымыз үшін жаңа белестерді ашатын қоғамдық сананы жаңғырту бойынша кең құлашты міндеттерді айқындап берді.  
Мақалада айтылған идеялар, қоғамның өзгермелі жаһандық үдерістерге бейімделуіне қарай негізгі қадам: «Жаңғырту 3.0» президенттік бағдарламаны іске асырудағы серпін болып табылады. Осыған байланысты, еліміз «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның негізгі қағидаларында топтасқан рухани жандану жолымен әлеуметтік жаңғыру бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды.   
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Елбасы бірнеше жобаны ұсынды, оның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен ауыстыру.  
Біз – Ақмола облысының тұрғындары, бұл идеяны уақытылы қабылданған, уақыт талабы, еліміздің прогрессивті қадамы деп санаймыз.  Латын графикасы әлемде кеңінен таралған әліпби, заманауи технологиялар ортасының, бағдарландырудың және барлық ақпараттық технологиялар тілдерінің айшықты негізі, шетел тілдерін жақсы меңгеруге ықпал етеді. Жаңа графика мемлекеттік тілді дамытуда жаңа қуатты серпін береді.   
Біз оны түсінеміз және ол бастаманы қолдаймыз.  Бұл үдеріс кезең-кезеңмен, бейімделуіне қарай, латын графикасына көшкен басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, сондай-ақ, басқа тілдерге қысым жасамай жүзеге асырылатын болады.  
Латын графикасына көшу – Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жақындасуы, ал, әлемде басым көпшілік елдер осы жазуды қолданады.  
Латын графикасы бойынша қазақ тілін оқу барысында жас ұрпақ ағылшын тілін меңгереді. Шетелдіктер үшін де қазақ әліпбиі мен тілін меңгеруі жеңілденеді, яғни, Қазақстанды әлемге танымал етуге септігін тигізеді. Бұл – Қазақстанның дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке ықпалдасуы, біздің барлық сандық ресурстарымыз, мәдени мұрамыз әлемде латын графикасын қолданатын барлық пайдаланушыларға, қазақ тілін меңгерген, алайда кириллицаны білмейтін адамдар үшін  қолжетімді болады.  
Қазақстандық ұлттың рухани жаңғыруының негізі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты бастамасының маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан азаматтарының және болашақ ұрпақтың алдында тарихи жауапкершілікті ұғынып, Қазақстанның барша азаматтарын Елбасының қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі бастамасын талқылауға және қолдау көрсетуде белсенді қатысуға щақырамыз.  
Біз – ақмолалықтар, дұрыс жол таңдағанымызға сенімдіміз, бұл – қажетті және дұрыс қадам, ол барша қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашады және елімізді жаңа деңгейге көтереді.  
Ақмола облысы қауымдастығы
форумының қатысушылары
2017 жылғы 14 қыркүйек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар