Қопа көлі, қалайсың?..

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында  Қопа көлінің жағалауында сенбілік өткізілді.

 

Тазалық шарасына облыс орталығындағы жеті оқу орнынан 130-дан астам студент қатысты. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері, заң, құрылыс-техникалық колледждері мен Жанайдар Мусин атындағы жоғары педагогикалық, «Бурабай», медициналық колледждердің білім алушылары Достық үйі жанындағы жағажол мен саябақты қоқыстан тазартып, игі іс тындырды. Айта кетейік, аталған саябақ  көкшетаулықтардың серуендеуге арналған сүйікті орны. Алдағы уақытта да жасотандықтар Қопа көлі жағасында, саябақтар мен қала көшелерінде сенбілік өткізуді жалғастырып, осылайша сүйікті қалаларының көрікті келбетін сақтауға атсалысамыз  деп құлшынып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар