Егіндікөл ауылының тұрғындары қазіргі уақытта ауыз суды тасымалдап ішіп отыр.
Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша, ауыз су құбырларын жоспарлы түрде ауыстыруға байланысты су желісі уақытша тоқтатылған. Магистральды су құбырлары ағымдағы жөндеуден өткен соң, толық қалпына келтірілетін болады.
Қазіргі кезде аудан орталығының шеткі көшелеріндегі тұрғындарға су сағат сайын тасымалданып жеткізілуде. Халық көп жиналатын қоғамдық орындарда су жеткізу кестесі ілулі тұр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Егіндікөл ауданы.