Мақтай тауындағы мереке

Тілдер мерекесіне орай, Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мақтай тауында қала әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен жылдағыдан ерекше іс-шара өткізді. Ерекшелігі ашық аспан астында өтуінде. 

Қала тұрғындары мен қонақтары, қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, мемлекеттік мекемелер, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері белсене қатысқан шараның басты мақсаты, тілдерді насихаттау, қорғау, мәртебесін көтеру, ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған онкүндік осы жылы қыркүйектің 6-15-ші жұлдыздары арасында өтті. Биылғы тілдер мерекесіне арналған онкүндікте 50-ге жуық іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, тіл орталықтары, мәдениет үйлері, жастар саясаты мәселелері, білім мекемелері және басқа да ұйымдардың ұйымдастыруымен тіл онкүндігі аясында дөңгелек үстелдер, байқаулар мен сайыстар, концерттік бағдарлама мен ток-шоу, ашық сабақтар ұйымдастырылды. Кітап көрмелері, пікірсайыстар, сурет, шығармалар байқаулары, ұлттық ойындар сайысы, кездесулер, конференция, фотокөрме, қазақша караоке мазмұны мол шаралар.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының бірінші қағидасында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет деген болатын. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық өз тілімен қатар шет тілдерін жетік меңгеруі қажет. «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни, барша қазақстандықтарды XXI ғасырдың талаптарына сай етуге бағытталған. Осынау бағдарламалардың ізімен жалғастығын тапқан Мақтай тауындағы мерекелік  шара, көздеген мақсатқа жасалған алғашқы қадам іспетті.
Іс-шара барысында қала әкімі  Ермек Маржықпаев қала тұрғындарын тіл мерекесімен құттықтап, өткізілген онкүндік аясындағы ана тілімізге деген жанашырлығы үшін белсенділік танытқан бір топ азаматты Алғыс хаттармен марапаттады. Жақсылықты, жанашырлықты сүйіншілеген мерейлі мерекенің екінші бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты.
 Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар