Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медиация – дауды бейбіт шешудің жолы - АРҚА АЖАРЫ

Медиация – дауды бейбіт шешудің жолы

Облыстық әділет департаменті «Медиацияны дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен және бірқатар мемлекеттік мекеме мамандарымен бірлесіп, «Медиация – әлеуметтік, еңбек, отбасына қатысты жанжалдарды реттеу мен алдын алу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. 

Отбасына, еңбек қатынастарына және басқа да әлеуметтік мәселелерге қатысты ұсақ-түйек дауларды сотқа жеткізбей, екі тараптың өзара келісімге келуі арқылы шешуге жағдай жасайтын медиациялық институт біраз жылдан бері жұмыс істеп келе жатса да, адамдардың көбі әлі күнге дейін дауларды үйреншікті әдетпен сот арқылы шешуге ынталы болып отыр. Мұның негізгі себебі, адамдардың медиация арқылы дауларды шешудің тиімділігін дұрыс білмеуінен, тіпті, осындай араағайындық институттың барлығынан бейхабарлығынан болып отырғандығы жасырын емес. Осы орайда, әділет департаментінің ұйытқысымен ұйымдастырылған бұл шара жұртшылықтың назарын медиация арқылы  жанжалдарды шешудің тиімділігіне және көп әуре-сарсаңсыз екі тараптың мүддесіне орай шешілетіндігіне аудару мақсатында ұйымдастырылған еді. Іс-шара барысында оған қатысқан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері медиаторлардың қатысуымен шешілетін дауларға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында облыстық әділет департаменті, адвокаттар алқасы, нотариалдық палата және «Медиацияны дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтаса жұмыс істеу жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар