Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман-тоғайды өрт шалмасын - АРҚА АЖАРЫ

Орман-тоғайды өрт шалмасын

Қоңыр күзде орманға төнер қауіп те көп. Диқандар егінін жинап алған соң алқаптарда сабан қалдықтары қалады. Оған қоса, жаз бойы жайқалып өскен, әсіресе, ағаш бауырындағы қалың шөп кеуіп, өлі қауға айналады. Жазатайым шырпы түссе, лау ете түспек.

Орман – ел дәулеті ғана емес, сәулеті де. Табиғат сыйлаған осынау байлықты көздің қарашығындай сақтау баршамыздың міндетіміз. Өрттің алдын алудан басқа бағытта да атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Біздің инспекция тарапынан биылғы жылдың өзінде облыс аумағындағы 13 орман шаруашылығында, 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, тағы да басқа орман қорын қорғау мемлекеттік мекемелерінде жан-жақты тексеріс жүргізілді. Жыл басынан бері жалпы көлемі 88,4 текше метр- құрайтын заңсыз ағаш кесудің 9 оқиғасы тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Осындай ашкөздіктің салдарынан келтірілген зиянның көлемі 1 330 700 теңгені құрайды. Орман алқаптарында әкімшілік құқық бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, 83 құқық бұзушыға хаттама толтырылды, 2062518 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Көкшетау қаласының айналасындағы ормандар «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қарауына жатады. Өкінішке орай, қала маңындағы орман алқаптарының ішіндегі санитарлық тазалық көңіл көншітер емес. Жаз айларында қала маңындағы орман алкаптарында дем- алушылар өте көп, кейбір демалушылар қоқыстарды, пластикалық бос ыдыстарды қалдырып кетеді. Дегенмен, «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің орманшылары тынымсыз еңбек етуде. Орманды өрттен қорғау, тазалығын қадағалау жұмыстары үзбей жүргізіледі.
Жыл сайын қаншама адамдар орманда өрт ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынып жатыр. Бірақ, әр жыл сайын қайталана береді.
Жасыл желекті байлығымыз – орманды сақтау, таза ұстау, тек қана мемлекеттік органдардың қамқорлығымен шешілмесі белгілі. Оған барша халық болып атсалысқан жөн. Орманды сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз.

Назымбек ҚАБЫЛОВ,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар