Жер асты суларының сапасы бақылауда ұсталуда

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары еліміздегі аграрлы өңірлер.  Бұл облыстарда ауыл шаруашылығымен қатар, өнеркәсіп саласы қарқынды дамыған. Экологиялық жағдайдың да дұрыс болғаны маңызды. Осы орайда, жер асты суларының жағдайына мән беріліп отыр.

Антропогендік жұмыстар бірінші кезекте жер асты сулары деңгейінің өзгеруіне, физикалық және химиялық құрамына әсер етеді. Дұрыс жүргізілмеген шаруашылық жұмыстары су деңгейінің азаюына, ластануы, тұзды болуына және қорының таусылуына әкеліп соғады. Әсіресе, жердің жоғары қабатындағы сумен байланысы бар жер асты сулары өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін.
Сондықтан, «Минералды шикізат базасы мен жер қойнауына, жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мониторинг» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментімен жыл са-
йын жер асты суларына мониторингтің мемлекеттік желісі бойынша жұмыс жүргізіліп отырады.
Жер асты суларына мемлекеттік мониторинг бақылау бекеті және пункті желісі (ұңғыма), даладағы деңгейді бақылау, температура, жер асты суының химиялық құрамы мен ластануы сияқты элементтерден тұрады. Бұл даладағы деңгейді бақылау жер асты суларына талдау және автоматты режимде мониторинг жүргізудегі республикалық мәліметтер базасында қалыптасады.
Жер асты суларына мемлекеттік мониторинг желісі Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары аумақтарына, 57 бекет пен полигонға бөлінген.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау пункттері Көкшетау, Петропавл қалалары, Щучинск – Бурабай курортты аймағы және жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан.  Барлығы 22 бекет, мердігер «Геотерм» ӨК ЖШС.
Ақмола облысы бойынша бақылау пункті Астана қаласында, Атбасар, Ерейментау, Сандықтау және өзге де елді мекендер маңында орналасқан. Барлығы 9 бекет, мердігер «Геотерм» ӨК ЖШС.
Мемлекеттік жер қойнауына (жер асты сулары) мониторинг республикалық орталығы барлық өңірлерден алынған мәліметтерді пайдалана отырып, жыл сайын Қазақстан аумағындағы жер асты суларының жоғары және төменгі деңгейіне болжам жасайды. Сонымен қатар, жер асты суларының ластануы және қорының таусылуына бақылау және есептік талдау жүргізіледі.
Кейін бұл есептік талдау мен болжамдар табиғатты қорғау қызметі және табиғатты пайдалануды реттеумен айналысатын мемлекеттік органдарға бюллетень түрінде жіберіліп отырады.
Өңірлерде жер асты суларын ұдайы бақылап отыру, бұл ауыз сумен қамтамасыз ету көздеріндегі тіршілік нәрінің тұзды болып кетуін, қорының таусылуын, ластануын алдын алуға  және оны жоюға тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Азамат ЖАНАЛИН,
«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД РМК
гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар