Мемлекеттік тілде қаралатын істер көбейеді

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров аудандық соттардың төрағаларымен және кеңсе меңгерушілерімен биылғы жылдың 8 айының жұмыс қорытындылары бойынша кеңес  өткізді. 

Кеңесте Д.Әміров  Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмидің республика судьяларының кеңейтілген мәжілісінде қойылған тапсырмалардың орындалу жайына тоқталды. Атап айтқанда: істерді қарау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау, жергілікті соттардың жұмысындағы кемшіліктердің себебін талдау, сот бұйрығы институтын кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету, сот отырысында аудио және бейне тіркеу жүйесін қолдану,  сот отырысының уақытылы басталуына бақылауды күшейту, судьялардың біліктілігін арттыру сияқты маңызды міндеттерді жүзеге асыру жайына назар аударылды.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен «Біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал, 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс»  деген тапсырмасына орай, облыстық соттың төрағасы мемлекеттік тілде жүргізілетін істер санын арттыру мәселесіне жете назар аударды. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  мәртебесін көтеру мақсатында мемлекеттік органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде және ведомствоаралық хат алмасуда кеңінен қолдану қажет», – деп атап өтті ол өз сөзінде.
Кеңес барысында дауларды шешуде медиацияны кеңінен пайдалану, сот отырыстарында дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолдану, ақпараттық технологиялар, соның ішінде «Сот кабинеті» сервисін пайдалану, сот шешімдерінің орындалуын бақылау, істерді қарау мерзімдерін бұзбау, БАҚ  және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты нығайту, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері де талқыланды.
Облыстық соттың төрағасы кеңесті қорытындылай келе, сот жұмысының барлық бағыттары мен талаптары бойынша көрсеткіштерін көтеру үшін судьялар мен сот қызметкерлеріне нақты  тапсырмалар жүктеді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар