Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Апаттың салдарымен емес, себебімен күресу қажет - АРҚА АЖАРЫ

Апаттың салдарымен емес, себебімен күресу қажет

Облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов жұмыс сапарымен Атбасар қаласында болып, алдағы уақытта су тасқынын болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен және  табиғат апатынан зардап шеккендерге салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. 

Биыл көктемде Атбасар қаласында төрт жүзден астам үй су астында қалып, көптеген отбасы баспанасыз қалған еді. Жалпы, су тасқыны қалада бірінші рет болып отырған жоқ. 2014 жылы да дәл осындай оқиға орын алып, жүзден астам отбасы баспанасынан айрылған болатын. Баспанасыз қалғандардың бәрі жаңадан салынған үйден пәтер алып, апат зардабының алдын алу шаралары да жасалған. Десе де, ол шаралардың жеткіліксіз болғандығын биыл көктемдегі су тасқыны дәлелдеп берді. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Жабай өзенімен келетін көктемгі қар суының еркін ағуына кедергі келтіретін Атбасар-Қима тас жолының бойындағы көпір маңайын қарап, жағдаймен танысты. Облыс әкімінің орынбасары еріген қар суының еркін өтуіне кедергі келтіріп тұрған өзен табанында өскен тал мен қамысты тазарту, жай тазартып қоймай, қайта шықпастай етіп тазарту қажеттігін айтты. Атбасар қаласының әкімі Нұржан Қамбатыровтың айтуынша, өзен табанында өскен тал жылда шабылып, қыс айларында қамыс орылады екен. Соған қарамастан, қалың қамыс пен тал тез өсіп, өзен табанын жауып қалатын көрінеді. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары өзен табанын арнайы техникамен тазартуды ұсынды. Сондай-ақ, еріген сумен келген шөгіндіден құралған көпір маңындағы аралдың  топыраған алып, түгел шөгіндіден тазарту қажеттігі де айтылды. Бұл жұмыстар атқарылған жағдайда көпірдің екі жағы тазарып, судың еркін өтуіне жағдай жасалмақ.  
Көктемде жыл сайын көпірге келіп тірелген қар суы арнасынан асып, жақын маңдағы саяжайлар су астында қалады екен. Бұндай жағдайды болдырмас үшін, өзеннің қыр жақ бетінен жаңа арна салу қажеттігі айтылды. Сонда көпірге келіп тірелген қар суы саяжайға қарай емес, дала арқылы ағып  қайта өзенге құйылатын болады. Яғни, жасанды жаңа арна саяжай аумағын су басудан құтқарады. Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, теміржол көпірі аумағын да қарап, өзен табанын тазарту бағытында  атқарылуға тиісті жұмыстарды және көпірдің екі  жағына бейнебақылау қондырғысын орнатуды тапсырды. Бұл көктемгі су ағысын үздіксіз бақылап отыруға жағдай жасайды.  
Су тасқынына байланысты үйсіз қалған отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету үшін бюджеттен бөлінген қаржыға 11 көп пәтерлі үй салу жоспарланған еді. Қала шетінен арнайы жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғанымен, әлі бірде-бір үйдің бой көтермеуі жұртшылықты алаңдата бастаған жайы бар. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыс жайымен жан-жақты таныс-ты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Exsklizive Constraktion» ЖШС-інің құрылыс учаскесінің бастығы Сергей Амелин биылғы жылдың қараша айына дейін 45  пәтерлік төрт үйдің іргетасын құйып, қабырғасын көтеретінін айтып сендірді. Сыртқы қаңқасы тұрғызылған үйлердің ішкі жұмыстары қыс айларында жүргізілетін болады.  Бұл үшін жаңа мердігермен тез арада келісім жасалып, келесі аптада жұмыс кестесі дайын болуы тиіс.
Жаңадан салынған қазандық екі әлеуметтік нысан мен біраз тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін болады. Жылу қазандығы жұмыс істеуге дайын. Бірнеше күннің ішінде ол іске қосылмақшы. Бұның өзі қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге айтарлықтай ықпалын тигізері анық. В.Крылов сонымен бірге, көктемде су астында қалған №1 Атбасар орта мектебін барып көрді. Спортзал мен оқу шеберханасынан басқа пән кабинеттері түгел дайын екен. Мектептегі жөндеу жұмыстары қазан айының 20-сына дейін толық аяқталмақ. Қазір жылу беріліп, балалар сабақтарын оқып жатыр.
Аудандық әкімдікте де  құзырлы органдардың өкілдерімен мәжіліс өткізілді. Мәжілісте су тасқынының алдын алу шараларын іске асыру жайы, табиғат апатынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан тұрғын үй құрылысы және жылу маусымына дайындық мәселелері жан-жақты пысықталды. Облыс әкімінің орынбасары көктемгі еріген қар суының еркін ағуына кедергі келтіретін көпір маңындағы өзен табанын тазарту жұмыстарын тез арада жүргізу қажеттігін, тиісті техника мен адам күшін жедел анықтап, жұмысқа кірісуді тапсырды. Бұл істі жүргізу облыстық жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары басқармасына міндеттеліп, оны үйлестіру Атбасар қаласының әкімі  Нұржан Қамбатыровқа жүктелді. Табиғат апатынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан тұрғын үй құрылысының кестеге сай жүргізілуін қадағалау облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды. «Мен апта сайын келіп, атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалап отырамын»,–деді облыс әкімінің орынбасары.
Осы күні Василий Крылов «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында бірқатар тұрғындарды жеке басының мәселелері бойынша қабылдады.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар