Ақмоланың 5,1 миллион тоннадан астам астығы – ел ырысы!

Ақмолалық диқандар егін орағын ойдағыдай аяқтап, күзгі терімнің есебін шығарып жатыр. Биылғы 4,3 миллион гектар астықты алқаптың әр гектары 11,8 центнерден түсім берді. Ал, жекелеген аудандарда астықтың шығымы бұдан да жоғары болды. Мысалы, Сандықтау ауданы бойынша әр гектардан 17 центнерден өнім алынды.
Жалпы, облыс бойынша 5,1 миллион тоннадан астам астық жиналды. Еңбекшілдер, Жарқайың және Ақкөл аудандарының диқандары орақты ұйымшылдықпен өткізді.
 2017 жылдың егін орағын аяқтаған диқандар қауымы келесі жылдың көктемгі егісіне әзірлік жұмыстарын бастап кетті деуге болады. Сүдігер жыртылып жатыр. 2018 жылдың көктемгі егісіне қажетті 522,8 мың тонна тұқым қоры құйылып алынды, тұқымның өнгіштік сапасын жақсарту жұмыстары да басталды.
Биылғы жылдың астығының сапасы да жақсы. Дәннің қамырлылығы өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары болып отыр.
Қазіргі есеп бойынша Сандықтау ауданындағы «Свободный», Есіл ауданындағы «Заречный», Жақсы ауданындағы «Труд», Астрахан ауданындағы «Фермер-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен Аршалы ауданының «Ижевск» өндірістік кооперативтері диқандарының табыстары жоғары екендігін атап өткен жөн.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар