Қош, қайраткері қазақтың!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сексен жасқа қараған шағында дүниеден озған Қазақстанның тұңғыш Премьер-Министрі Ұзақбай Қарамановтың қазасына орай, туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақстандықтар оның есімі мен ел алдындағы еңбегін әрдайым есте сақтайтынын атап өтті.
Кеше, Алматыда М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында ҚазКСР тұңғыш Премьер-Министрі, белгілі мемлекеттік қайраткер Ұзақбай Қарамановты бақилық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді.
Қаралы жиынға қатысушылар марқұмның есімі мен ісі Тәуелсіз елінің бүгінгі және келер ұрпақтарының естерінде сақталып қалатындығын айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар