Степногорск қаласында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Степногорск қаласында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, күрделі жөндеу жұмыстары шаһардың бірнеше шағын аудандары мен Заводской және Ақсу кенттерінде қолға алынған. Оны мердігер «БаЛи-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Мұнда 93,5 шақырымға жуық желілер жөнделмек. Осы күні бұл құбырлардың 90 пайызы тозған. Жобаның құны 1,5 миллиард теңгеден асады.
Мердігер компанияның прорабы Игорь Карпенконың айтуынша, бүгінгі күні негізгі жұмыстар аяқталған. Жақын арада көшедегі құдықтардан тұрғын үйлерге дейін су таратқыш құбырларды тарту жоспарланған. Елді мекендерде бұл жұмыстардың 68 пайызы атқарылған. Осы орайда, қала әкімі Әнуар Күмпекеев мердігер жұмысының қарқынын арттыру үшін қосымша топтар енгізіп отыр. Қала ішіндегі мөлтек аудандарға (4, 6 және 7) келсек, мұнда желілердің 24 шақырымнан астамы қалпына келтірілді. Бүгінгі күні жұмыстың 78 пайызы аяқталған.
«Степногорск су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының директоры Алексей Гетманов сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқандығын және оны жыл соңына дейін толық аяқталады деп сендіріп отыр. Бұл өз кезегінде қала мен елді мекендерді сумен жабдықтау және санитарлық-ағымды жүйелерін жаңғырту халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар