Бақшаның жемісі

Бурабай баурайында «Four Seasons» имидждік жобасы аясында «Табиғаттың сыйы» фестивалі өтіп, ең үздік бақшашылар марапатталды.

Дүниежүзілік Туризм күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған бұл шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген бақшашылар қатысты. Олар келушілерге көкөніс пен жеміс-жидек, бал, жаңғақ, саңырауқұлақ, өздері дайындаған түрлі балық өнімдері мен консервілерді, табиғи шөптерден əзірленген дәрілік шырындар мен қоспаларды ұсынды.  
Сонымен қатар, өнімді қалай өсіріп, жинау керектігі, консервілер әзірлеуде, декоративті жəне өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруде қазіргі заманғы озық технологияларды қалай қолдану қажеттігіне қатысты шеберлік сабақтары өтіп, қатысушылар бір-бірімен өзара пікір алмасты.   
Фестиваль аясында байқау ұйымдастырылып, «Табиғат сыйын дайындау бойынша ең үздік шеберлік сабағы», «Ең үздік көрме жəдігері», «Ең үздік дайындаушы» жəне «Ең жомарт сатып алушы» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздік бақшашыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар