Артық салмағыңыздың сыры неде?

Семіздік «дертіне» шалдыққандар саны соңғы жылдары артып келеді. Ал, оны дер кезінде тоқтатпаса, түрлі аурудың қозуына себепкер болатыны айдан анық. Негізінен, семіздіктің бірнеше түрі болады екен. Сіздегі артық май олардың қайсысына жататынын білесіз бе?

■Бүкіл денені май басу
Қомағайлық (тамақсау) –  артық салмақты көптеген адамдардың негізгі мәселесі. Өзі тойса да, көзі тоймай, шамадан тыс бір қасық асап қоюдың нәтижесі бірден мүсініңізде-ақ менмұндалап тұратын болады. Онда сіз тамақсау болғаныңыз. Сондықтан, ас мәзіріңізге және оның мөлшеріне көңіл аударыңыз. Сондай-ақ, тамақтанудан жарты сағат бұрын 2 стақан су ішіп, дене жаттығуын жасай жүріңіз. Сонда нәтижеге тезірек қол жеткізесіз.
■Қойқарын
Ендеше, сіз «Артық тамақ жеп қойдым» деп түрлі диета ұстап жүрмеңіз. Томпиған қарын – артық астың емес, күйзеліске көп түсіп, уайыммен жүретініңіздің белгісі. Мұндайда жанның тыныштығын ойлаңыз, өзіңізге ұнайтын іспен көбірек айналысып, әр күннің әдемі сәттерін көре білуді үйреніңіз.  
■Күре тамыр жолдарының семіруі
Семіздіктің бұл түрі ген арқылы беріледі. Десе де, «тұқымымнан» деп қарап отырмай, күресу керек. Егер май аяқта жиналатын болса, оған біраз күш түсіріп, қозғалу қажет. Жедел сатыны мүлде ұмытып, тек баспалдақпен жүруді қолға алыңыз.
■Қозғалыстың жоқтығынан семіру
Өте аз қозғалатын адамдарда семіздіктің дәл осы түрі болады. Сондықтан, мейлінше көбірек қозғалыста болып, мүсініңізге ғана емес, денсаулығыңызға да еріншектігіңіздің кесірі тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар