Кездесу барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Оқжетпес» футбол клубы басшылығының атқарылған жұмыс туралы есептері тыңдалды.
Бұл кездесуді өткізуге «Оқжетпес» футбол клубының Қазақстан чемпионатының турнир кестесіндегі ауыр жағдайы себеп болды. Қазіргі уақытта команда турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтап, барша жанкүйерлерінің көңілін қалдыруда.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі клубтың бас жаттықтырушысы Виктор Пасулько мен директоры Юрий Бондаренкоға атқарып отырған қызметтерінен отставкаға кетуге ұсыныс жасады. Әкімнің ойынша, клуб басшылығы өздерінің кәсіби қызметінде біліксіздік танытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қауқарсыздық, спорттық рух пен намыстың жоқтығын да көрсетті.
Осы саланы үйлестіретін облыс әкімінің орынбасарына клубтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріс ұйымдастыру және клубтың бюджеттен қаржыландырылуын қысқарту жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.