Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарттарымызға қамқормыз - АРҚА АЖАРЫ

Қарттарымызға қамқормыз

Қарттар күні біздің селолық округте де жыл сайын салтанатпен атап өтіліп, егде адамдар мен мүгедектерге жылылық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Мейірім мен қамқорлыққа толы жарқын мерекелердің  бірі – Қарттар мен мүгедектер айлығы. Бұл айда әркім өзінің айналасындағы ата-аналарынан бастап, ата-әжелеріне, таныс қарттар мен мүгедектерге, ауыл-аймақтың ақсақалдарына ерекше көңіл бөліп, құрмет көрсетеді.
Айлық кезінде мерекелік шараларды ұйымдастыруды округ азаматтары игі дәстүрге айналдырды. Осындай ізгілікті шараларға жыл сайын «Хлебороб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік жасайды. Серіктестіктің директоры Владимир Стихиляс мереке аясында қарттар мен мүгедектерге ақшалай сыйлық пен материалдық көмек береді. Сонымен бірге, округтегі зейнеткерлер де ескерусіз қалмайды, оларға да мазмұнды
іс-шаралар ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер, мерекелік түстік ас пен концерттік кештер ұйымдастырылады.  Жыл сайын аталмыш серіктестік есебінен қарттар мен мүгедектерге айлық аясында 1,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қарттарға деген мейірім мен қамқорлық біздің еліміз бен қоғамның алдында тұрған басым міндеттердің бірі. Осы үдеден шығу біздің басты мақсатымыз.      
Халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі – қарияларын мерекелік айлық кезінде ғана емес, үнемі құрметтеп, сүйеу болып, демеп жүретініміз. Сондықтан, бұл мейрамдағы ізгілік пен ілтипат та осы сөзіміздің айқын көрінісі болмақшы.

Александра ЩЕТИНИНА,
Наумовка селолық округі  әкімі аппаратының бас маманы.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар