«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы – Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім беру мазмұнын жаңарту мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Шағын мектептер: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы даму мәселелері» тақырыбына арналған конференцияның пленарлық мәжілісіне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі, шағын мектептерді дамыту орталығының директоры Манар Адамова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Айгүл Жақыпова, облыстық білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлнәр Тасболатова және облыстық білім басқармасының мамандары қатысты.
Республикамызда жалпы білім беретін мектептердің 41 пайызы шағын мектептер екен. Біздің облыстағы мектептердің 68 пайызы шағын мектептердің үлесіне тиеді.
Конференция жаңартылған білім мазмұны жағдайында шағын мектептердегі мұғалімдер арасында кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.