Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әуелгі ұсыныс – қоғамдық кеңестен - АРҚА АЖАРЫ

Әуелгі ұсыныс – қоғамдық кеңестен

Ақмола облыстық сотында соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Отставкадағы судья Темірхан Қасымов жетекшілік ететін бұл кеңес кеңесуші орган болып табылады және өз жұмысын қоғамдық негізде жүргізеді. 

Кеңестің Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Кеңесінің шешімімен бекітілген өз ережесі бар. Жеті адамнан тұратын кеңес мүшелері өздерінің отырыс-тарында судья лауазымынан үміткерлердің іскерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттеріне баға беріп отырады.
Жуырда соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі осы кеңестің мәжілісі болып өтті. Мәжіліс алдында облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров кеңес мүшелерімен кездесіп, өзі басқаратын соттың жұмысы, сот жүйесін реформалау, соттарда әділеттілік принципін орнықтыру бағытында қолға алынып жатқан істер туралы әңгімелеп берді.
Бұдан кейін кеңес мүшелері облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос тұрған лауазымдарына конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің әрбіреуімен жеке әңгімелесіп, сауалдар қойып, соның негізінде ұсыныс сипатындағы қорытынды берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар