Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
облыс әкімдігінде - АРҚА АЖАРЫ

облыс әкімдігінде

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы Нұрбүбі  Наурызбаевамен өзара ынтымақты жұмыс туралы  меморандумға қол қойды. Облыс әкімі екіжақты меморандум ұзақ мерзімді жұмыс істеуге негіз боларына сенім білдірді. Зейнетақы қорын ақпараттандыруда біраз шаруалар атқарылып жатқанын, әлі де назар аударатын мәселелер бар екендігін атап өтті. 

Шараға облыс активі мен қаржы мекемелерінің басшылары қатысты.  «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы  құрылғанына жиырма жыл толған зейнетақы жинақтау қорының осы кезең ішінде көптеген қиындықтарды жеңе отырып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгендігін, бүгінгі күні жинақталған қор көлемі жалпы ішкі өнімнің 15 пайызын құрайтынын айтты. Дегенмен де, барлық кәсіпорындар мен мекемелер жинақтаушы қорға ақша аудара бермейді.  Бұның өзі адамдардың зейнетақы деңгейіне елеулі әсерін тигізеді. «Облыс әкімдігімен жасалған меморандум осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға игі ықпалын тигізеді деп сенемін» деді «БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрайымы.
Зейнетақы жинақтаушы қорының қазіргі жай-жапсары туралы бейнебаян көрсетіліп, онда еліміздегі және облысымыздағы зейнетақы қорына ақша аудару жайында жан-жақты мәліметтер қамтылды.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар