Кеше облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель

Кеше облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Канада елшілігінің хатшысы Даррен Смитпен екі жақты  ынтымақтастық және экономикалық  байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды. 

Ақмола облысы мен Канада арасында ынтымақтастық сонау 2004 жылдан бастау алады. Өткен жылдың  қорытындысы бо-йынша екі жақты сауда айналымы 12 миллион АҚШ долларын құраған. Осы орайда, тауар айналымы негізінен, импорттық тауарлардың үлесіне тиесілі. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары бар. Соның ішінде экспорт үлесі жоқтың қасы болғанымен, импорт үлесі ағымдағы жылдың сегіз айында 9 миллион долларға жеткен.
Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары өз  сөзінде өңірімізде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
– Елімізде өндірілетін астықтың төрттен бірі біздің облыста алынады. Мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт өнімдерін дайындау мен экспорттау бойынша да үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Әсіресе, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағытында біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамып келеді. Соңғы жылдары облысымызға Канададан ауыл шаруашылығы техникасы мен ірі қара мал көптеп жеткізілді. Мұны екі жақтың сауда-саттық саласындағы жетістіктері деп білеміз, – деді Егор Каппель өз сөзінде.
Сондай-ақ, канадалық мейман өз сөзінде Ақмола өңіріне келгеніне өте қуанышты екенін айта келіп, жұмыс сапарының мақсатына тоқталды.
– Канада Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы басты әріптестерінің бірі болып табылады. Осы өңірде де бірқатар канадалық компаниялардың өкілдері бар. Олар екі жақты сауда-саттықты дамыта түсуде. Біздің жұмыс сапарымыздың мақсаты да осы ынтымақтастық және экономикалық байланысты одан әрі нығайту, – деді  бұл орайда, Даррен Смит  өз сөзінде.
Кездесуді қорытындылаған Е.Каппель алдағы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынас тап осылай өрбитініне сенім білдірді.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар